Қазақстанның ашық кітапханасы
12
6.3(1). Ай-гун сұрады: — Сіздің шәкіртіңіздің қайсысы оқуды бәрінен де жақсы көрді?
Кун-цзы жауап берді: — Янь Хуэй оқығанды бәрінен де жақсы көрді. Ол ашуланбады,
қателігін қайталамады. Өкінішке орай, ол өмірден ерте қыршын кетті. Қазір ондай
ынталылар жоқ. Біреудің оқуды сондай ұнатқанын есіткен емеспін.
6.8. Цзы Канцзы сұрады: — Чжун Юді (мемлекетті) басқаруға тартуға болады ма? Ұстаз
айтты: — Ю батыл. Басқаруға отан рұқсат беру туралы қандай күмән болуы мүмкін? (Цзи
Канцзы) сұрады: — Басқаруға Цыны тартуға болады ма? Ұстаз жауап берді: — Цы
ақылды. Оны басқаруға рұқсат етуге қандай күдік болуы мүмкін? (Цзы Канцзы) сұрады:
—
Цюді басқару ісіне тартуға болады ма? Ұстаз айтты: — Цю талантты. Оны
басқаруға рұқсат етуге қандай күдік болуы мүмкін.
6.11. Ұстаз айтты: — Иә, Хуэй дана той! Ол бір уыс күрішпен қанағаттанады және
асқабақтың қабығымен сусындайды, жырық лашықта өмір сүреді. Өзгелер мұндай
кемшіндікке төзбес еді, ал ол болса бәріне де разы. Иә, Хуэй қандай дана еді!
6.13. Ұстаз Цзы Сята айтты: — Сен елеусіз табандай емес, қайта бекзаттылығы артық
ғұлама болуың керек.
6.18. Ұстаз айтты: — Адамда қашан
чжи
(мінез-құлықтың қасиеті) басымдық етсе, онда
тағылық (
е
) тарылмақ; егер де
вэнъ
(білімділік) басымдық етсе, онда білімдарлық (
ши
)
орнықпақ. Тек мінез-құлық пен білімділіктің қасиеттері қосылғанда ғана, бекзат кісі
қалыптаспақ.
6.19. Ұстаз айтты: — Адам туғаннан тік тұрып, кейіннен бүгіліп шөксе де, аман-сау болса,
онысын кездейсоқ жазмыштың көрсеткені дегін.
6.20. Ұстаз айтты:—Қалай істеуді білетіндерді істі ұнататындармен теңестіруге болмайды;
істі ұнататындарды істелінген нәрседен ләззат алмақшылармен салыстыруға болмайды.
6.21. Ұстаз айтты: — Кімде-кім (өзінің дамуында) орташа адамнан асып түссе, онымен
асқақтық туралы сөйлесуге болады; кімде-кім (өзінің дамуында) орташа байға жетпесе,
онымен асқақ биіктік туралы сөйлесу ретсіз.
6.22. Фань Чи даналық неден тұрады деп сұрады. Ұстаз айтты: — Бойындағы күш-
қуатты халықтың борыштық сезімін оятуға, аруақтар мен құдайларға жақындамай-ақ,
оларға табындыруға жұмсау — даналыққа дәйек. Фань Чи адамды сүю жөнінде сұрады.
Ұстаз айтты: — Адамсүйгіштіктің қиындығы басында, ал табысы біртіндеп соңына
келеді,— оның ерекшелігі де осында.
6.23. Ұстаз айтты: — Ақылды суға қарап рахаттанады, адам сүйгіш тауға қарап
рахаттанады. Ақылды — қозғалысқа, адам сүйгіш — тыныштыққа әуес. Ақылды бақытты,
адам сүйгіш ұзақ өмір сүреді.
6.24. Ұстаз айтты:—Ци патшалығындағы бір реформа Лу патшалығындағы өзгерістермен
бірдей; Лy патшалығындағы бір реформаға Дао - Жол орнығады.
6.25. Ұстаз айтты: — Шарапқа деген (мына) ұзын ыдыс (бұрынғы) шараптың ыдысына
ұқсамайды. Бүл кубок па? Бұл кубок па?