Page 10 - ЕЖЕЛГІ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ. КУН ФУ-ЦЗЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
10
4.14. Ұстаз айтты: — (Жоғары) шен атқармадым деп, қайғырма; егер қабілетің қызметке
сәйкес келмесе, соған қамық. Адамдар мені білмейді деп, қамықпа; оз қабілетіңді қалай
жетілдіре бастасаң, солғұрлым адамдар сені біледі.
4.15. Ұстаз айтты: — Шэнь! Менің Дао - Ақ жолым Бірлес пен тұтас. Цзэн-цзы жауап
берді: — Расында ма! Ұстаз шыққан соң, шәкірттері сұрады: — Бұл дегеніңіз не? Цзэн-
цзы жауап берді: — Ұстаз Жолы екі ұғымды — чжун – сенімді және шу – кешірімділікті
қамтиды.
4.16. Ұстаз айтты: — Бекзат қайраткер тек әділеттілікті ойлайды, ұсақ пенде пайданы ғана
ойлайды.
4.17. Ұстаз айтты: — Данышпанды көрсең, онымен теңелуге тырыс. Дарақыны көріп,
өзіңді-өзің талқылағын.
4.18. Ұстаз айтты: — Әкеңмен немесе анаңмен сөйлескенде жұмсақ та кішіпейіл болғын.
Егерде сенің ниетің олардың көңілінен шықпаса да, бәрібір құрметте,— олардың еркіне
қарсы келме. Сен өзің шаршасаң да, күңкілдеме.
4.19. Ұстаз айтты: — Әке-шешең тірі де, ұзаққа (көшіп) кетпегін. Егерде ұзап кетсең, бір
орында тұрақты өмір сүр.
4.20. Ұстаз айтты: — Егер (бала) әкесі (қайтыс болғаннан кейін) үш жыл бойы оның Дао -
Жолын жөндемесе, мұны ұлдың құрметі деуге тұрарлық.
4.21. Ұстаз айтты: — Әке мен шешенің жасын ұмытуға болмас, бір жағы,— қуанасың, бір
жағы,— мазаланасың.
4.22. Ұстаз айтты: — Бұрынғы кезде сөзде тұра алмай қалам ба деп, көп уәде бермеген.
4.23. Ұстаз айтты: — Ұстамды адамның қателесуі де сирек.
4.24. Ұстаз айтты: — Бекзат қайраткер уәде беруге асықпаса да, ісіне жылдам.
4.25. Ұстаз айтты: — Рақымды жалғыз қалмайды, отан міндетті түрде көршілер табылады.
4.26. Цзы Ю айтты: — Әміршіге қызмет етудегі беймазалық масқаралыққа ұшыратады.
Беймазалық достарыңды да өзіңнен алшақтатады.
5-тарау. "Гунье Чан..."
5.9. Ұстаз Цзы Гуннан сұрады: — Осы сен мен Хуэйдің қайсысын да қабілет басымдау?
Цзы Гун жауап берді: — Өзімді Хуэймен салыстыруға батылым жетпейді.Хуэй бір
нәрсені есітсе, оның он тармағын түгендеп береді. Ал мен болсам, бір нәрсені есітсем, тек
келесісін ғана айта алам. Ұстаз айтты: — Тең еместік айқын. Менде қосылам, сен оған тең
емессің.
5.10. Цзай Юй күндіз қалғып кетеді. Ұстаз айтты: — Шірік ағаш оюға жарамайды, көң
қоқыммен қабырғаны ағарта алмассың. Мен Юяны не үшін жазғырамын? Ұстаз (тағы да)
сөйледі: — Мен бұрын адамдар нені айтса, соны тыңдадым және олар өз сөзінде тұрады