Қазақстанның ашық кітапханасы
сенбеушілік пен скепсистен олар империяның соңғы кезеңінде байқалған жоқтан өзгеге
сене беруге көшті.
Кейіннен христиандыққа айналған діни ағым терең өзгерістерге ұшырап жеңіске жетті,
басқалардан қабылдау және бүкіл антик дүниеге таралудан бұрын бәсекелес
доктриналардың принциптерінен бірталай нәрсе алып, бойына сіңірді. Мәжуси авторларда
христиандық максималар мен христиандық идеялардың жиі кездесетіндігі соншалық, бұл
Сенека мен Әулие апостол Павелдің сезімдерінің жақындығын түсіндіретін ықтимал
байланыс туралы ойға жетелейді. Ренан христианшылдықтың сол кезде көрінген діни
сезімдердің көптеген пошымдарының бірі ғана екендігін коре білді. Сол заман тарихын
христиандықтың және өзге діндер мен ілімдердің арасындағы күрес ретінде қарастыруға
біздің әдеттеніп кеткеніміз соншалық, олардың бәрін бір-бірінен өзгеше деп санаймыз да,
егер христиандықтың орнына Митра культі немесе шығыстың басқа бір культі яки
мәжусилік қайта гүлденсе, қазіргі тарих мүлдем басқаша болар еді деп елестетеміз.
Алайда мұның бәрі дұрыс емес. Сол кезде жалғыз себеп - өсе түскен діни сезім – Х
тудырған А, В, С,... культтері мен секталарының арасында шынында да қатты күрес жүріп
жатты. Және бүл арада негізгі фактор нақ Х, ал А, В, С,... туынды нәрселер болып
шығады.
Олардың жалпы ешқандай маңызы жоқ деуге болмайды, өйткені негізгі феноменнің
өзгеруіне олардың да біршама ықпалы болды, бірақ алдыңғы орынға екінші орындағы
нәрсені шығару қате болар еді.
Д'Орбиньи Боливия туралы әңгімелей отырып, былай деп жазады: "Аңғарға кірер барлық
жолдардың бойынан және төбелердің үстінен мен әртүрлі өлшемдегі тастардан қаланған
төбешіктерді көрдім, олардың үстінде әдетте крест тұрады... Кейінірек мен Боливия
республикасының үндістер мекендейтін барлық аймақтарында осындай жерлердің
ұшырасатындығын көзіммен көрдім. Олар
apachectas
еді. Мұндай тас төбешіктер
испандықтар келерден көп бұрын пайда болған. Оларды кедейлер тұрғызған. Олар, төбе
бөктерімен қинала-қинала өрлегенде, Пахакамакаға - барлық заттардың бастауы болып
табылатын, көзге көрінбейтін құдайға шыңға көтерілуге қуат бергені үшін алғыс айтпақ
болатын. Олар одан жолды жалғастыру үшін тағы да күш-қуат беруін сұрайтын. Олар
онда біраз уақыт кідіріп, өздері үшін ең құнды бірнеше кока жапырағын тас үйіндісінде
қалдыратын, ал егер ол болмаса, тас үйіндісінің үстіне қою үшін жақын жерден тас
іздейтін. Сол уақыттан бері ештеңе өзгерген жоқ: тек кедейлер енді Пахакамакаға алғыс
айтпайтыны болмаса. Оның орнын христиан құдайы басты және оның рәмізі крест".
Маури жазғандай, "Сицилияда Церера мен Венераның барлық храмдарына Құдай-ана өз
үстемдігін орнатты, сөйтіп мәлсусилік ғұрыптар ішінара соған арналатын болды". Барлық
осындай жағдайларда біздің әртүрлі пошымда көрініс беретін бір ортақ сезімді
байқайтынымыз, ал бүл пошымдардың өзі сезім жөнінен алғанда туынды сәт ретінде
көрінетіні айқын бола түседі. "Жұрт, - деп жалғастырады Маури, - "әулие бұлаққа, осыған
дейін құдайларына тартатын сыйлықтарын тарту ете берді". Демек, бұл жағдайда
неғұрлым маңызды фактор адамдардың өздеріне бұлақтың шарапат тигізуін қалайтын
сезімі ме яки сол сезімнің белгілі бір әулиеге немесе белгілі бір құдайға жалбарыну
пошымындағы көрінісі ме? Мұндай сұраққа жауап беру оңай. Құдай сынды тіршілік
иесінің араласуы көзді сауықтыруға көмегі тиеді деген сенім бастапқы фактор болып
табылады, ал емдік ықпал кімге тиесілі: Эскулапқа ма, әлде Әулие Лючияға ма – бұл
екінші фактор. Христиан Құдайына жалбарыну мәжусилік құрбандықты алмастырды,
бірақ басты нәрсе - құдайға жалбарынудың киелі күшіне сенім қала береді. Осы
культтердің алғашқысын екіншісінен бастау алады деп көрсету әдепсіздік болар еді.