Қазақстанның ашық кітапханасы
туындылары үшін ондай ақтық сәт тумайды деп үміттенеміз, сенеміз. Оларға тіршілік ете
беру үшін жарық та, жылу да, жаңа жерлер де қажет болмайды: олар жойылып кетпес
үшін туады" деп аяқтайды. Автордың мұнымен не айтқысы келгені және тіршілік атаулы
жойылып кетсе "ақыл туындылары" қалай тіршілік ете беретіні түсініксіз. Осы секілді
абракадабрамен салыстырғанда тіпті
метапсихоз
туралы ілім де қатаң ғылыми үлгі
сияқты болып көрінеді. Автордың жер бүкіл тіршілік атаулыдан айырылғанда қала беруге
тиіс "ақыл туындыларының" жиынтығынан "ынтымақты" шығарып тастамағаны
қуантады. Біз онымен астрономия туралы тағы бір трактатта кездесіп қалармыз деп
үміттенеміз. Лаплас Файеден өзгеше ойлайды, бірақ басқа уақыт басқа кемеңгерлерді
тудырады.
Қазір, бері салғанда жанама түрде болса да, Коперник пен Галлилей ілімдерін де
жазғырады. Белгілі математик Мансьон 1891 жылғы 4-сәуірде өткен католиктердің
Халықаралық ғылыми конгресіндегі хабарламасында Птоломей жүйесінің қазіргі жүйеден
құндылығы коп болмаса, аз емес екендігін дәлелдеуге тырысып жанталасты: "Геоорталық
жүйені таңдаудың тағы бір маңызды уәжі мынадай: ежелгі дәуір ойшылдары аспан
құбылыстары жөніндегі астрономия ғылымын аспан денелерінің қозғалу себептерін
зерттеуден анық ажыратты... Сондықтан астрономиялық гипотезаларды таңдау олар үшін
принципті мәселе болған жоқ, және сыртқы көрініске неғұрлым сәйкес келетін, басқа
қөзқараспен салыстырғанда неғұрлым тікелей қолдануға болатын геоорталық көзқарасты
қабылдауға ешқандай қарсылық туындамады". Басқаның бәрін жиып қойғанның өзінде,
бізді баяғы өткен заманда адамдарды қанағаттандыра алатын, олар тіпті Ньютон
теориясына еруге мүмкіндігі бола тұрып бәрібір "сыртқы көрініске неғұрлым сәйкес
келетін, басқа көзқараспен салыстырғанда неғұрлым тікелей қолдануға болатын"
Птоломей жүйесін қабылдар еді деген нәрсемен сыйлау үшін бірталай батылдық керек.
Астрономияны нашар білетін Брунетьер: "Өздеріңнің Галилейлеріңмен басымызды
қатырмаңыз "-деп айғай салды. Сонда біздің құрметті авторымыз және белгілі ғалым
анықтай түсетін түсіндірме берді: "XVI және XVII ғасырларда Галилей процесіне дейін
және одан кейін де астрономиялық құбылыстарды философиялық тәпсірлеудегі жіктелу
ғалымдар арасындағы әдеттегі іс болатын. Сол дәуірде, егер осы жіктелуді ескерсек,
Галилейдің философиялық көзқарастарға байланысты айыпталғаны әбден түсінікті және
бүл астрономиялық зерттеулерге тіпті де кедергі жасаған жоқ". Сорлы Галилей! Егер ол
қазір қайта тіріліп кетсе, біздің жаңа католиктер оны қайтадан абақтыға тығып тастауға
тырысып бағар еді! Және де бүл арада сеньор Мансьон өзін мүлдем оғаш көрсетіп,
Галилейді айыптау, демек, абақтыға тығу "бүл астрономиялық зерттеулерге тіпті де
кедергі жасаған жоқ", деп мәлімдейді.
Егер енді біз туынды көріністерді қоя тұрып, діни сезімдердің негізгі көріністеріне қайтып
оралсақ, онда олардың өсуі, тегінде, бәрінен де бұрынғы діни пошымдардан өзгеше діннің
жаңа пошымына айналған социализмнің пайдасына асатынын көреміз. Бері салғанда ұлы
діни дағдарыстар кездерінде, әдетте, осылай болатын. Оның артықшылығы мәжусилікті
жеңген христианшылдық сияқты бұрынғы наным-сенімдердің ыдырауына жетелей ме
әлде буддизмнің орныққан тұсында және протестанттық реформа барысында
болғанындай, олар бейбіт қатар өмір сүре ме, бүл жағы әзірше белгісіз. Маған даму
барысы екінші гипотезаға сәйкес жүретіні неғұрлым ықтимал сияқты болып көрінеді.
Бұған әлбетте, социализм өзгере түсетінін қосу қажет. Ол өзімен бәсекелес діндерден көп
нәрсе алады.
Қазіргі социалистік қозғалыс белгілерінің христиандықтың туындау кезіне тән көптеген
белгілермен ұқсастығы талай рет айтылды. Бірақ зерттеушілер оның протестанттық
реформаға сипаттық ұқсастығына әлдеқайда аз назар аударды. Алайда біз осындай әрбір