Page 10 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. В. Паретто. Әлеуметтану теор

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
гигиенистер пайда болып, олардың өз көзқарастарын жанын салып қорғайтыны
соншалық, есі бүтін адамға олар жынды секілді көрінеді. Олар адам өзінің пәктігін
сақтауы үшін оны өлтіруге дейін барады, және бүл орайда адамның жанын құтқару үшін
оны өртеген инквизиция секілді, парасаттан ауылы тым алыс екенін көрсетеді.
Олардың кейбіреулері парасатты, әділ сынның шекарасын аттап өтіп, "беймораль
әдебиетпен" шайқасуға ұмтылады. Әрине, олардың арасында да құрметке лайық адамдар
бар, бірақ бізге басына осындай идеяларды құйып алған адамның одан басқа ештеңені
ойлай алмайтындығы оғаш көрінеді. Ең моральдық көзқарастардың өзін олар кейде ең
сорақы бейморальдық пошымдарда білдіреді. Бірде олар тіпті бозбалаларға - орта мектеп
оқушыларына жезөкшелер үйлерін жабуды талап ететін петицияға қол қоюды ұсынды, ал
оның мәтіні ең жақсы ниеттерге толы секілді көрінетін, кей-кейде осындай ерекше
лепіретін индивидпен әңгіме кезінде кенет оның бет әлпеті бал-бұл жанып, көзі жайнап
кеткенін байқайсың. Басқаша айтқанда, одан жас қызға ғашық, бірақ жыныстық қатынас
тақырыбын ауызға алудан қашқақтайтын және тәндік ләззатқа берілетін кез-келген
еркекке барынша өшігіп, шетінен жек көретін бозбаланың реакциясын көресің.
Бірақ, егер мен қателеспесем, бүл арада діни сезімдерден басқа тағы бір нәрсе бар.
Адамдар эротикалық сезім көбіне-көп діни келбет алатынын байқап, олар осындай,
әсіресе жатыр сырқатына ұшыраған әйелдермен болатын көптеген оқиғаларды келтіреді.
Міне енді, егер басқа уақытта, мысалы, XVIII ғасырдың соңында өмір сүрсе, эротикалық
сезімдерінің көрінісіне сезсіз ерік беретін адамдар кездеседі. Бірақ жағдай өзгерді, бүл
адамдар, бойын нәпсі билесе де, оларды ашық көрсетуден шамасы жеткенше жалтарып,
өздерінің ашқарақ тәбеттерін тиісті тақырыптағы әңгімелермен қанағаттандырады. Олар
кез-келген сылтау мен бейморальдық қылықтар төңірегінде нәсият айтуға қуана-қуана
кіріседі. Бүл тірлік оларға көп ләззат береді және сонымен бірге олардың ұжданын
тыныштандырады. Менің досым бір бай, және әжептеуір сүйкімді, жас кезінде нәпсісін
тыюмен ерекшелене қоймаған, бірақ жасы ұлғайған соң, әлі де еркектер нәпсісін қоздыра
алатын болса да, діндарлыққа барынша, шынайы берілген, адамдарды жезөкшелік секілді
кеселден арылтуға көп уақыты мен күшін таң қаларлық жігермен, өзін-өзі аямай арнаған
синьораны білетін. Менің досым сол синьораның ниетінің шынайылығына шәк
келтірмейтін, бірақ оның апостолдық миссияны орындау кезіндегі ғаламат ынтасын
осылай ол өзінің бұрынғы күнәһар қуаныштарын ұжданын қинамай-ақ есіне түсіріп қана
қоймай, өзінің ізгілікті іс жасап жүргеніне саналы түрде сенетін еді деп түсіндіретін.
Осылайша, экзальтацияланған кейбір моралистің аскеттігі шамалы адам жөнінде
көрсететін өшпенділігі еретиктерді азаптап, жоюға итермелейтін діни-сектанттық
сезімдерде ғана бұғып жатқан жоқ, көп жағынан ол аскеттің өмір ләззатынан қашпайтын
адамға, әтектің - қалыпты еркекке бастан кешетін риясыз, санасыз қызғанышынан да
туындайды.
Вегетариандықтар да бір күлкілі сектаға айналып келеді. Олар, егер адамдар ірі қара
малды өсірмесе, өңделетін жерлер бидай мен күріш өнімін әлдеқайда көп беретінін
есептеп шығарыпты, демек азық-түлік молырақ болсын десек, біз ет тағамдарынан бас
тартуымыз керек екен. Тағы бір мистикалық әлеуметтік секта танымалдыққа ие болды.
Өздерінің тезистерінің дәлелі ретінде әлдебір физиологиялық тәжірибелерге сүйеніп, бүл
секта біздің тым көп тамақ жейтінімізді көлденең тартып, енді қатаң диетаға
отыруымыздың қажеттігіне сендіргісі келеді. Соның арқасында, дейді, бізді сендіргісі
келіп, осынау ғажайып адамдар, көптеген "әлеуметтік проблемаларды" шешуге болады,
өйткені қолда бар азық-түлік көбірек адамдарға жетер еді және принципінде балаларды
көбірек туғызу мүмкіндігі ашылар еді. Бүл фанатиктер үшін бала туғызғысы келмейтін
еркек пен әйел арасындағы жақындықтан ауыр қылмыс жоқ, ал Мальтус олар үшін -
ібілістің бейнесі. Оларға ерік берсең, олар пәктікке бой ұра бермейтін грек және латын