Page 22 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ 3

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
22
Францияда бұл реакция әлеуметтік, отаншылдық, революциялық пошымда және сонымен
бір мезгілде антихристиандық дін пошымында қимылдады. Екі жағдайда да, әртүрлі
пошымдарды қабылдағанымен, біртекті сезім көрініс берді. Ұлы француз революциясы
туғызған жаңа аристократияның - буржуазиялық реакцияның билігі ұзаққа бармады және
өзімен бірге құлдыраудың (бері салғанда революциядан кейінгі жылдардағы Францияда)
нышандарын ала келді. Айтпақшы Америка Құрама Штаттарында, Германияда және басқа
бірқатар елдерде бүл аристократия қазір де өз күшін сақтап отырғаны да рас.
Егер құбылысты объективті жағынан қарастырсақ, онда біз үшін үлкен үш факторлар
тобы маңызды, олар: 1) діни сезімдердің өскелең қарқындылығы, ол біздің дағдарыстың
күшею кезеңіне кіргенімізді көрсетеді; 2) ескі аристократияның құлдырауы; 3) жаңа
аристократияның дүниеге келуі.
Құбылысты субъективті жағынан қарастырғанда, факторлардың бірінші тобы оны санадан
шығарғанда тым бұрмалана қоймайды. Керісінше, факторлардың қалған екі тобы
субъективті жағынан нақты болмыстан тым алшақ пошымға ие болады: ескі
аристократияның құлдырауы гуманистік және альтруистік сезімдердің күшеюі секілді
көрінсе, жаңа аристократияның дүниеге келуі жуас та әлсіздерді күштілердің
озбырлығынан қорғанышы ретінде көрінеді.
Діни дағдарыстың күшею кезеңі
. Соңғы жылдарда өркениетті халықтарда діни сезімдер
едәуір күшейе түскенін, бұл күшею әлі де жалғасып жатқанын көру үшін үстірт
бақылаудың өзі жеткілікті. Бүл христиандық конфессиялар кіретін дәстүрлі діндердің
аясында ғана жүріп жатқан жоқ. Социализм идеяларымен байланысты діни сезімдерді
білдірудің жаңа пошымдары бел алып келеді. Социалистердің арасында да, олардың
қарсыластарының арасында да көптеген лайықты адамдар социализмнің дінге айналғанын
әлден-ақ айқын түсінуде. Тарихпен таныс адам, осынау жаңа діни құбылыс өткен
замандарда байқалған ұқсас құбылыстардың ортақ қатарына кіретінімен келіспей тұра
алмайды және ауқымдылығы жағынан оны буддизмнің, христиандықтың, исламның
дүниеге келуімен, протестанттық реформациямен және Француз революциясымен
салыстыруға болады. Мұның үстіне айқын діни пошымға айналып келе жатқан
отаншылдық экзальтациясы басталып кетті. Мысалы, Германияда бір беделді журнал
"неміс құдайы" туралы пікір-таласқа кірісті, Англияда бүл
империализммен
, Францияда
ұлтшылдықпен
, Құрама Штаттарда -
юнгоизммен
бірігіп кетті және т. б.
Ескі діндердің жандануы және жаңа, аса қуатты діндердің дүниеге келуі процестерімен
қатар, өзге де, ауқымы оншалық үлкен емес құбылыстар байқалып, олар да діни
сезімдердің адам қызметінің барлық салаларын қамти бастағанын көрсетеді, және де діни
пошымдарды қабылдау тенденциясы бел алып барады деген эсер қалыптасады.
Бұл туралы, мысалы, алкогольді ішімдіктерді пайдалану адамзат баласына зиян тигізеді
деп білетін адамдардың таң қаларлық мінез-құлқы айтады. Олардың қызметі қарапайым
санитарлық-гигиеналық жұмыс ауқымымен шектелмейді. Керісінше, бүл кесепатпен
күресте олар діни экзальтацияға дейін жетеді. Олардың арасында адамға бір бокал шарап
ішуге кедергі жасау үшін кез-келген құрбандыққа дайын аскеттер, апостолдар, азап
шегушілер пайда бола бастады және олар солай істей алса, христиан апостолының "жанды
құтқардық" дегеніндей, "адамды құтқардық" дейді.
"Виоnі templari"
ассоциациясы секілді
алкогольге қарсы секталар пайда болды, олар кейбір нәрселерімен Доминик, Франциск
және т. б. ордендер сияқты діни конгрегацияларға ұқсайды, өйткені олардың өздерінің
инициациялары, культтік рәсімдері және құпия байланыстары бар, олардың мүшелері
мистикалық жиналыстар кезінде экзальтация ахуалына дейін жетеді. Қазір толып жатқан
гигиенистер пайда болып, олардың өз көзқарастарын жанын салып қорғайтыны