Қазақстанның ашық кітапханасы
19
идеяларының пайғамбар Александрды жақтаушылар көзқарасынан айырмашылығының
принципті сипаты болды, егер сол кезде адамдар бұқарасы Лукиан тұжырымдамасының
ықпалында кетсе, Еуропа тарихы қазіргіден мүлдем басқаша болар еді. Ал Александр
мүридтерінің көзқарасы мен басқа пайғамбарлар мүридтерінің көзқарасындағы
айырмашылықтарға келсек, олар түгел болмаса да толық дерлік пошым мәселесі болатын,
сондықтан пайғамбарлардың қайсысы жеңгеніне қарамастан тарих ешқандай өзгерістерге
ұшырамас еді; мұның үстіне жеңімпаз пошым жағынан да жеңілгендерге есе беруге
мәжбүр еді.
Бұл арада, тарихтың материалистік тәпсірі кесіп айтатындай, қайнар көзі экономикалық
жағдай болып табылатын қуатты идеялық қозғалыстардың, сондай-ақ ондай жағдайдан
туындамайтын қозғалыстардың қалай туып, күшке ие болатынын, әртүрлі қозғалыстардың
өзара қалай күресетінін зерттеп жатуға орын жоқ. Барлық мәселелерді бірден шешу ниеті -
шындап келгенде, ғылыми әдіс емес. Керісінше, оларды біртіндеп шешу керек. Әзірше
барлық осындай ағымдар мен қозғалыстардың бар екендігін біз мойындаймыз да, бірақ
басқа уақытта және басқа еңбектерімізде бүл проблемаларды міндетті түрде
қарастырамыз.
Жұрт бұл қозғалыстарға әдетте байыпсыз тартылады және жоғарыда атап өтілгеніндей,
еріксіз жасалған қарекетті саналы акт, қисынсыз қылықты қисынды қылық ретінде
көрсетуге тырысады. Олар осы орайда қайдағы бір себептерді іздей бастап, сол арқылы
өзінің қарекетінің шын себептері жөнінде өздерін де, өзгелерді де адастырады. А, В, ...
секталарының арасындағы болмашы ілік бойынша басталып кететін даулар көбіне-көп
шатпырақ мылжыңға және мысалға, византиялық кезеңдегі христиан секталары
арасындағы дауды зерттеймін деген адам ақыр соңында өзін жындылар үйіне тап
болғандай сезінгеніне айналып кетеді. Пошымдар туралы бүл дауларда қандай да бір
маңызды мәселе ұшыраса қалған күнде де, Монтескьёнің теологиялық кітаптарға қатысты
айтқаны еске түседі: "Талқылау пәні жөнінде де, талқылау мәнері жөнінде де -
қабаттасқан бәдік". Кейбір француз "ұлтшылдарының" сөздерін оқығанда, олардың есі
дұрыс екендігіне күмәнмен қарай бастайсың, алайда олардың таптаурын сөздерінің ту
сыртында дегенмен принципті маңызы бар елеулі мәселе тығылып жатыр, өйткені
Францияда социализмге қарсылық ие болған бірден-бір пошым "ұлтшылдық".
Тіпті дау байыпты болғанның өзінде, келтірілген уәждер істің мәнісіне қатысты болатыны
сирек кездеседі. Францияда 1789 жылғы революция қарсаңында "адамгершілік" туралы,
"сезім" туралы, "бауырластық" туралы бітпейтін пікірталастар орын алды, ал
шындығында якобишілдер баскесерлігі мен тонаушылығына дайындық жүріп жатты.
Қазір осы ғаламат ойындар қайта басталды да, біздің буржуазия "ынтымақ" туралы
сыпайы сөздерімен, өздерін апатқа жетелейтін қасіреттерді дайындауда.
Қысқа кезеңдерді санамағанда, халықтарды, әрқашан аристократия басқарады.
Этимологиялық тұрғыда бұл сөз бүл арада жақсы мағынасында да, жаман мағынасында да
ең күшті, жігерлі, қабілетті адамдарды нобайлау үшін пайдаланылып отыр. Алайда
физиология заңдарына сәйкес аристократия билік басында мәңгілік қала алмайды.
Адамзат тарихы - аристократияның ауысу тарихы: бір адамдар жоғарылаған уақытта,
біреулері құлдырайды. Кейде өзге түрде көрінгенімен, нақты картина осындай. Жаңа
аристократия, ескі аристократияны қуып жіберуге немесе өкіметке өзінің катысуына және
соған ие болудан туатын артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылғанда, өздерінің шын
ниеттерін білдірмейді. Ол өзін барлық езілгендердің көшбасшысы ретінде көрсетіп,
құқықтарды тек өзіміз үшін алғымыз келіп жүрген жоқпыз, жалпыға ортақ игіліктер үшін
күресеміз, бір таптың құқықтары үшін емес, азаматтардың орасан зор көпшілігінің
құқықтары үшін төте шабуылға шықтық деп сендіреді. Әлбетте өз-өзінен белгілі, жеңіске