Page 5 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.харингтон. ӨРКЕНИЯТТАР ҚАҚТЫҒ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
болған "алшақтықтарды" (бос кеңістіктерді) көбіне-көп фундаменталиста қозғалыстар
пошымында діндер толтыруда. Мұндай қозғалыстар тек исламда ғана емес, батыс
христиандығында да, иудаизмде де, буддизмде де, индуизмде де қалыптасты.
Мемлекеттер мен конфессиялардың көпшілігінде фундаментализмді білімді жастар, орта
таптардан шыққан аса білікті мамандар, еркін кәсіп адамдары, бизнесмендер қолдайды. Г.
Вайгель байқағандай, "дүниенің дінге қайта оралуы - XX ғ. аяғындағы басты әлеуметтік
құбылыстардың бірі". Діннің қайта өрлеуі, немесе, Ж. Кепельдің сөзімен айтқанда,
"құдайдың есе қайтаруы", сәйкестілік пен ұлттық шекаралар шегінен шығып кететін
ортақтықпен ұқсастырып, соған қатыстылығын сезінудің негізін - өркенияттарда
біріктірудің негізін құрайды.
Төртіншіден, өркенияттық сана-сезімнің өсуі Батыс рөлінің екіге жарылуының әмірімен
жүріп жатыр. Бір жағынан, Батыс өз қуатының шырқау биігінде тұр, ал екінші жағынан,
бәлкім нақ сондықтан болар, батыстық емес өркенияттар арасында өз тамырларына
қайтып оралу жүріп жатыр. Жапонияның "Азияға қайып оралуы" туралы, Неру идеялары
ықпалының ақыры және Үндістанның "индуистенуі" туралы, батыстық социализм мен
ұлтшылдық идеяларының талқаны таусылғаны және Таяу Шығыстың "исламдануы"
туралы, ал соңғы кезде Борис Ельцин елінің батыстануы немесе орыстануы туралы
дауларды барған сайын жиі естуге тура келіп жүр. Өз құдіреттілігі шыңында Батыс
батыстық емес елдермен бетпе-бет келді, ал оларда дүниеге батыстық емес келбет беру
үшін ұмтылыс та, ырық пен ресурс та жеткілікті.
Бұрындары батыстық емес елдердің элиталары әдетте Батыспен барынша байланысқан,
Оксфордта, Сорбоннада немесе Сандхерстте білім алған, әрі батыстық құндылықтар мен
өмір салтын бойына сіңірген адамдардан тұратын. Ал сол елдердің халқы болса, сөз жоқ,
өздерінің атам заманғы мәдениетімен үзілмейтін байланысын сақтаған болатын. Бірақ
қазір бәрі өзгеріп кетті. Батыстық емес көптеген елдерде элитаның батыстан безініп,
өздерінің мәдени тамырларына қайта оралуының қауырт процесі жүріп жатыр. Және
сонымен бір мезгілде батыстық, негізінен американдық салтстан) біріктіретін
Экономикалық ынтымақтастық ұйымының негізінде де жатыр. Аталмыш ұйымды 60-
жылдары үш мемлекет: Түркия, Пәкстан және Иран құрған болатын. Оған кіретін кейбір
елдердің көшбасшыларының Еуропалық Қоғамдастыққа кіруге жол жабық екенін түсінуі
ұйымды жандандырып, кеңейтуге маңызды түрткі болды. Дәл сол сияқты КАРИКОМ,
орталық америкалық ортақ рынок және МЕРКОСУР ортақ мәдени негізге құрылған.
Алайда Кариб бассейн! аралдарындағы елдерді және Орталық Американы біріктіруді
көздеген бұдан да көлемдірек экономикалық ортақтық құру әрекеті нәтиже бермеді -
ағылшын және латын мәдениеттерінің арасына көпір тұрғызудың әзірге сәті түскен жоқ.
Өзінің ұқсастығын этностық және діни терминдерде анықтай отырып, адамдар өздері мен
басқа этнос пен конфессияға жататын адамдар арасындағы қатынастарды "біз" және
"олар" қатынастары ретінде қарастыруға бейім. Шығыс Еуропадағы және бұрынғы Кеңес
Одағы аумағындағы идеологияландырылған мемлекеттердің ақыры этностық ұқсастық
пен қайшылықтардың дәстүрлі пошымдарын алдыңғы қатарға шығаруға мүмкіндік берді.
Мәдениет пен діндегі айырмашылықтар мейлі адам құқығы немесе эмиграция болсын,
коммерция немесе экология болсын, саяси мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір
алауыздығын тудырады. Географиялық жақындық Босниядан Минданоға дейін өзара
аумақтық талапты қоздырады. Бірақ ең маңыздысы - Батыстың өз құндылықтарын:
жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде демократия мен либерализмді тарату, әскери
басымдығын сақтау және өзінің экономикалық мүдделерін орнықтыру әрекеттері - басқа
өркенияттардың қарсылығына тап болуда. Үкіметтер мен саяси топтастықтар идеология
негізінде халықты жұмылдыруға және коалициялар қалыптастыруға барған сайын