Page 6 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.джексон. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОҒАМНЫҢ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
бұлыңғырлық ретінде оп-оңай қабылдана алады. Бірақ мемлекет қайраткері, халықаралық
істерге тартылса, кейде қабылдауға тиіс болатын киын нормативтік шешімдерге
байланысты сәйкессіздіктер туындауы әбден мүмкін - Булл мұнымен келіседі.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Уайт - Булл көзқарасы сыртқы саясаттағы моральдық таңдауды талдауға алып келеді, ал
мұның өзі халықаралық қоғамның саяси теориясының әлі дамытуды талап ететін бір
бөлігі болып табылады. Жауапкершіліктің Уайттың жоғарыда нобайланған үш дәстүріне
сәйкес келетін бері салғанда үш тұжырымдамасы бар: қандай да бір мемлекетке және
оның азаматтарының бақуаттылығына адалдық; басқа мемлекеттердің заңды мүдделері
мен құқықтарын және халықаралық құқықты сыйлау; адам құқықтары мен мораль
нормаларын сыйлау. Әрине кейбіреулер бұған бөлушілік әділет пен жаһандық орта
этикасы мәселелеріне, сондай-ақ басқа да нормативтік тұжырымдамаларды қоса алады,
бірақ мен жоғарыда көрсетілген үшеуімен шектелемін.
Ұлттық жауапкершілік
Бұл тұжырымдамаға сәйкес ресми тұлға өзінің сыртқы саясатында ұстануға тиіс тәртіптің
бірден-бір негізгі принципі ұлттық мүдделер және әсіресе ол қорғауға тиіс іргелі
құндылық - ұлттық қауіпсіздік болып табылады. Сыртқы саясатқа баға берудегі осынау
нормативтік көзқарас Макиавелли ережелерінен бастау алады: өз мемлекеті мен өз халқын
әрқашан басқалардан артық көру; олардың бақуаттылығын тәуекел таразысына орынсыз
салмау; пайдалы немесе қажет болса, басқа елдермен ынтымақтастық жасау, бірақ сыртқы
қатынастарда қажетсіз шиеленістерге бармау; абсолютті қажетті болғаннан басқа
жағдайларда өз халқын соғысқа киліктірмеу; шетін қажеттілік болмаса, өз солдаттарын
сынаққа салмау; ұрыс қимылдарына жібермес бұрын олардың жақсы жаттығып,
жабдықталғанына сенімді болу, және т.б. Осынау нормативтік талаптардың мемлекет
қайраткерлерінің міндеттерін тек қана ұлттық мүдделер мен төл елі азаматтарының
алдындағы міндеттемелері күні бұрын айқындаған жеке өмір сүретін мемлекеттер
дүниесіне тән екендігі айдан анық.
Бұлталақтамай айтсақ, бұл dicta [ережелер] халықаралық этиканы құрамайды, өйткені
оларда сыртқы міндеттемелер жоқ тек халықаралық мүдделер, қауіпсіздікке ұмтылу және
қиын жағдайлардан жалтаруға тырысу әрекеттері ғана бар. Мемлекет қайраткерінен өз елі
үшін жауапкершілік талап етудің нормативтік негізі қандай? Жауап осыған ұқсас саяси
міндеттеме теориясынан туындай алады: мемлекет, ол әлеуметтік келісімшартқа, тарихи
эволюцияның, жауап алудың нәтижесіне немесе басқаша бір түрде негізделгендіктен, өзі
кіре алатын кез-келген халықаралық ассоциация жөнінде бастапқы, өзіне-өзі жеткілікті
саяси қоғам. Халықаралық құқық пен халықаралық ұйым небәрі тек аспаптық қатынастар
болып табылады. Адамдар тек мемлекеттердің азаматтары болып қана азаматтық һәм
саяси оң құқықтарға ие болады: мемлекет қайраткерлері, басқа мемлекеттердің емес,
өздерінің төл азаматтарын қорғауға жауапты.
Халықаралық жауапкершілік
Осы тұжырымдамаға сәйкес мемлекет қайраткерлерінің өз елдерінің халықаралық қоғамға
мүшелігінен туындайтын сыртқы міндеттемелері бар, ал бұл тек пайданы ғана емес,
әдеттегі халықаралық құқық, БҰҰ Хартиясы немесе мемлекеттер кіретін кез келген басқа
да халықаралық келісімдер анықтаған құқықтар мен міндеттемелерді жетектей жүреді.
Сыртқы саясатқа баға беруге осынау нормативтік көзқарас Гроций ережелерінен бастау