Page 3 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. Н. Данилевский. РЕСЕЙ ЖӘНЕ Е

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
болатынмын (мәселен, кейбір ерекшеліктері бар деген негізбен, Василий аралының бүкіл
Петербургке қарама-қарсы қойыла алмайтыны секілді, ол тек әрқайсысының Василий
аралынан кем емес елеулі ерекшеліктері бар Петербург не¬месе Выборг жағына,
Адмиралтейск бөлігіне, Коломнаға және тағы басқаларына қарсы қойыла алады). Бұған
қосарымыз: өңірлердің өзінде табылмайтын қарама-қарсылықтарды олардың халқынан да
таба алмайсың; өйткені, бүкіл дерлік Еуропаны арий тайпалары мекендегенімен, дәл сол
тайпалар, шамалы кем мөлшерде, Азияның айтарлықтай бөлігіне қоныстанған. Дәл сол
секілді прогресшілдіктегі жалған артықшылық та тіпті де Еуропаның әлдебір ерекшелігін
құрамайды.
Гәп мынада, дүниенің барлық бөліктерінде адамзат қоғамдарының азаматтық дамуына
ерекше жарамды, біршама жарамды және мүлдем жарамсыз өңірлер бар, бұл жағынан
алғанда еуропалық түбек жап-жақсы, байлық бұйырған, дегенмен қалған Азия да
құралақан емес, онда өзінің батыстағы түбегіне қарағанда мәдениет үшін жарамды жерлер
әлдеқайда көп, бұл жағынан ол салыстырмалы (бүкіл кеңістікке шаққанда) мағынада ғана
кемшін соғар. Азаматтық пен мәдениет өркендей алатын барлық жерде олардың, нақ
Еуропадағы секілді, прогресті сипаты болды. Прогресшіл Еуропаға ең кереғар деп қарсы
койылатын Қытайды - тоқырау мен надандықтың ең кеселді түрін алып қаралық. Бұл елде
•ЮО миллионға жуық халық азаматтық жағдайда өмір сүреді. Егер де қытай еңбек
өнімділігінің мөлшері жөнінде дәл цифрлар болса, Қытай саудасы түгел дерлік ішкі
сипатта болғанына қарамастан, ағылшын және американ өнеркәсібі мен саудасының
цифрі, бәлкім, шаң қауып қалар. Қытай өнеркәсібінің көптеген салалары, мәселен,
бояулар, маталарды бояу, фарфор, көптеген жібек маталар, сырлайтын бұйымдар, т. т.
еуропалық мануфактура үшін әлі күнге қол жетпейтін мінсіздік деңгейінде. Қытай
егіншілігі, соз жоқ, жер шарында бірінші орын алады. Либихтің сөзіне сенсек, бұл пірден
бір ұтымды егіншілік, өйткені орақ кезінде алғанының бәрін тек сол ғана топыраққа
қайтарады және де бұл орайда шетелден тыңайтқыш тасымайды, тыңайтқыштың өзі де,
дау жоқ, талан-тараж деп саналуға тиіс. Қытай бағбандығы да әлемдегі алғашқы
орындардың бірінде. Қытай бағбандары, ағылшын фермерлері ірі қара мал тұқымымен не
істесе, өсімдіктермен дәл соны істейді, яғни өсімдікке неғұрлым тиімді немесе белгілі бір
мақсат үшін сүйкімді деп саналатын пошым береді, бойының өсуіне мүмкіндік бермей,
ағыл-тегіл гүлдеп, жеміс беруге мәжбүр етеді. Қытайлар бау өсіруде, тіпті бұл халық
жалпы көңіл бола қоймайтын нәзіктікте де, тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Олардың
жер бедеріне қарай жасаған бақтары саяхатшылардың сөзіне сенсек, ғажайып пен
алуандықтың асқары. Қытай фармациясы, тегінде аса қымбат заттарға ие болуы керек, тек
еуропалық ғылымның менмендігі ме, немесе оғаш салақтығы ма, әйтеуір күні бүгінге
дейін соны пайдалана алған жоқ. Қолдан балық өсіру Қытайға баяғыдан белгілі әрі орасан
коп мөлшерде өндіреді. Қытайдың каналдарына пара-пар келетін орасан зор нәрсені басқа
елдердің көрсете алуы екіталай. Қытай өмірі ыңғайлылығы бойынша коп жағынан, әсіресе
- егер оны қазіргі кезбен емес, осы жүзжылдықтың алғашқы ширегімен салыстырсақ,
еуропалықтардікінен кем түспейді. Оқ дәрі, кітап басу, компас, жазу қағазы қытайларға
баяғыдан белгілі, және, тегінде, Еуропаға да солардан жеткізілген болуы керек.
Қытайларда орасан зор әдебиет, өзіндік философия, рас, космологиялық тұрғыдан жетіле
қоймаған, бірақ мәжуси халық үшін анық та асқақ этика жүйесі бар. Кометалар Ежелгі
гректердің зәре-құтын қашыратын замандарда, қытай астрономдары, дейді Гумбольдт сол
аспан денелерін ғылыми тұрғыдан бақылайтын болған. Ғылым мен білім әлемнің ешбір
жерінде дәл Қытайдағыдай ерекше құрмет пен ықпалға ие емес. Шынымен-ақ көне
гректер мен римдіктердің өркениятына көп жағынан шаңын да көрсетпейтін, ал өзге бір
мәселелерде қазір де еуропалықтар үшін үлгі бола алатын осынау азаматтықтың,
өнеркәсіптік және бірқатар жағдайларда тіпті ғылыми дамудың жоғары дәрежесі
Юпитердің басынан өсіп шыққан Минерва секілді, алғашқы қытайдың басынан бар
болмысымен шығып, ал содан кейінгі төрт немесе бес мың жыл бойғы оз тіршілігінде бұл