Қазақстанның ашық кітапханасы
болу) табанды күресі туралы болсын, қорғаныстың қамтамасыз етілуі Ресейдің,
америкалық мемлекеттік түзілімдердің, Иранның, кейінгі орта азиялық ірі
империялардың, Қытайдың тарихында, Англия және Жапония сияқты аралдық
мемлекеттердің қалыптасуында, Рим империясының теңіз өзгерткен мемлекеттік
организмінде, Үндістан империясы түзілімдерінің көлемінде, сондай-ақ шекаралармен
көмкерілген Ганзаның, Тевтон орденінің, асулардағы Альпі мемлекеттерінің
түзілімдерінде шешуші рөл атқарды. Кімде-кім қонысталмаған жерлерде қамтамасыз
етілген қорғаныстан айрылса (өкінішке қарай, солтүстік герман нәсілі, өз шекараларында
мұндай қорғаныстан жұрдай болған), теперіш көрген герман рейхі сияқты айрылса, ол
қажетті өмірлік кеңістігін ұстап тұру үшін күш-жігерін әлдеқайда мол, ұзақ жұмсауға,
тіршілік үшін анағұрлым белсенді күрес жүргізуге, бейбіт жағдайға қайта оралғанда
мейлінше сақ болуға мәжбүр болады.
Біз сондай-ақ саяси география мен геосаясаттың ғылыми әдістері, және бұған кинематика
туралы тарихи ілімді қосу арқылы жекелеген нәсілдер мен халықтарда тек уақыттың
өзгеруіне ғана емес, бір мезгілде дағдылардың таза жергілікті сарындарына байланысты
бөліп тұратын елсіздік туралы түсініктердің айқын градациясын белгілей аламыз. Бұл
түсініктердің өз мемлекеттігін құрған ірі халықтарда шекараларды анықтау, оларды
сақтау және жүргізу үшін зор саяси маңызы бар.
Дәуірлердің өзгеруіне байланысты түсініктерге қайта баға беру үшін тек бір ғана мысалды
- Римнің, оның Томаға аластатылған жыршысы Овидийдің сол кездегі Қара теңіз
ландшафтына көзқарасы мен Евксини Понтына қатынасын, сондай-ақ ерке
батысеуропалық өзіне тұрғызған кейінгі кезеңгі қаратеңіздік резиденцияларды, немесе
Ресей империясының билеушілеріне Жер бетіндегі жұмақ болып көрінген Ялтаны
Понтийлық Шекаралық кеңістікке - Поиит кеңістігіне - шығыстық және батыстық
орталық елдердің Афиныдағы астық биржасына, "қонақжай эллиндік қалаларға", "римдік
жер аударылған орынға", орыс Ривьерасына, батысеуропалық мәдениеттің Кобургтар
әулетінен шыққан талғампаз өкілінің күтімді бағына көзқараста қаншама реңктер бар!
Бір ғана кеңістікке - уақыт жағынан шамамен бірдей кезеңде, бірақ бір жағдайда неғұрлым
солтүстіктік, континенттік, ал ендігі бір жағдайда неғұрлым оңтүстіктік, шығу тегі мен
тәрбиесі бойынша мұхиттық - көзқарастарды айыру үшін, бәлкім, ең тұрпатты әрі даусыз
мысал ретінде Ресейдің, Қытайдың және Жапонияның Амур бойына көзқарасын алуға
болар.
Мұның өзі орыстар таңғажайып қысқа мерзім ішінде Сібір арқылы солтүстік
анэйкуменаны бойлап өтіп, Тынық мұхитқа жете алды, Сан-Франциско бухтасына дейін
американ кеңістігіне ене алған орасан зор империялық құрылым орната алды (тек
англосакстардың, кейін қытайлар мен жапондардың қатты қысымымен ғана шегінуге
мәжбүр болды) деген жалған жұмбақты оп-оңай шешуге мүмкіндік береді.
Дегенмен шешуші факт былай еді: Солтүстік Азияға сұғына жылжыған орыс бұл
кеңістікті қоныстанбаған деп есептеген жоқ, сондықтан да оған ене берген, ал әлемнің
басқа ірі халықтары, солардың ішінде сол орыс көп ұзамай тіршілік кеңістігіне жанасқан
шығыс әлгі жерлерді өмір сүруге жарамсыз, құны жоқ кеңістіктік иеліктер, тіпті
тіршілікке жау боп есептелетін солтүстік полярлық аймаққа жанасатын етек деп қана
санады. Сөйтіп орыс экспансиясы 1643 жылы10 Жер бетінің мәдени кеңістігінің соңғы ірі
- шығысазиялық резерватына тақап келген еді; ал бұл резерват анэйкуменаның бұған
дейінгі барлық түріне - полярлық, шөл далалық, мұхиттық, альпілік және тропикалық
түрлеріне қарағанда қорғаудың іргелі аймағы ретінде сақталған болатын. Қоңыржай