Page 7 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.макиндер. ТАРИХТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
бастысы; ең батыс жиекті қоспағанда оларды мұхитқа құятын өзендер кесіп өтпейді,
сондықтан Обь және Енисей өзендерінің сағасында сауда дамыту жөніндегі таяудағы
талпынастарды қаперге алмауымызға болады. Еуропада, Батыс Сібірде және Батыс
Түркістанда даланың деңгейі теңіз деңгейіне жақын, кейбір жерлерде тіпті одан да төмен.
Одан әрі шығысқа қарай, Моңғолияда, олар үстірт ретінде жалғасады; алайда орталық
құрғақ жерлердің жалаңаш, тегіс және төмен аудандарының бір деңгейден екіншісіне
ауысуы айтарлықтай қиындық тудырмайды.
Он төртінші ғасырдың ортасында, сайып келгенде, Еуропаға лап қойған ордалар өз
күштерін одан 3000 миль қашықтықта, Жоғарғы Моңғолияның далаларында жинақтаған
еді. Дегенмен, бірнеше жылдың ішінде Польшаны, Силезияны, Моравияны, Венгрияны,
Хорватия мен Сербияны ой - зияны еткен қырғын шығыс көшпенділерінің Шыңғыс хан
есімімен байланыстырылатын ұлы қозғалысының тек ең шалғайдағы және тез өткен
нәтижелері еді. Алтын Орда Орал жотасы мен Каспийдің аралығындағы өткел арқылы
Арал теңізінен Карпаттың етегіне дейінгі даланы иеленген шақта, пасқа орда Каспий
теңізі мен Гиндукуштың арасынан оңтүстік-батысқа қарай Парсыға, Месопотамияға және
тіпті Сирияға жылжи отырып, Ильхан мемлекетінің негізін қалады. Кейінірек үшінші орда
Солтүстік Қытайға шабуыл жасай, Қытайды басып алды. Үндістан мен Манги, немесе "
Оңтүстік Қытай уақытша Тибет тауларының тамаша қорғанысында тұрды, бұл кедергінің
тиімділігін дүниеде ештеңемен, әрине Сахара мен поляр мұздарын есептемегенде,
салыстыруға келмес еді. Бірақ кейінірек, өз замандарында Марко Поло Мангиге, Ақсақ
Темір Үндістанға бет алғанда бұл кедергілер де жолда қалған еді. Осынау белгілі әрі
жақсы суреттелген оқиғада Ескі Дүниенің барлық қоныстанған өлкелері ерте ме, кеш пе,
әйтеуір дала төсінде өмірге келген пенсенді мемлекеттің экспансиялық қуатын өз басынан
өткерді. Ресей, Парсы, Үндістан немесе Қытай не алым-салық төлеп тұруға, не монғол
әулеттерін қабылдауға мәжбүр болды. Тіпті Кіші Азияда дүниеге келген түрік мемлекеті
де бұл езгіге жарты ғасырдан астам тезді.
Неғұрлым ертеректегі шапқыншылықтар туралы жазбалар, Еуропа сияқты, Еуро-Азияның
басқа шекаралық жерлерінде де сақталған. Қытай солтүстіктен келген, ал Үндістан -
солтүстік-батыстан келген жаулап алушыларға талай рет бағынды. Бері салғанда, Парсы
аумағына бір басып кіру бүкіл батыс өркениятының тарихында ерекше рөл атқарды.
Моңғолдар келгенге дейін үш жүз немесе төрт жүз жыл бұрын Кіші Азия өңіріне кірген
салжұқ түріктері шартты түрде Каспий, Қара, Жерорта, Қызыл теңіздер мен Парсы
шығанағы аралығында орналасқан аймақ деуге болатын ұлан - ғайыр кеңістікке жайылды.
Олар Керманда, Хадаманда, Кіші Азияда бекініп, Бағдат пен Дамаскідегі сарациндердің
үстемдігін жойды. Иерусалимге бет алған тауап етушілерге жасаған қиянаттары үшін
оларды жазалау қажеттігі туды, сол себепті де христиан әлемі крест жорықтары деп
аталатын жалпы атпен бірнеше әскери жорықтар ұйымдастырды. Еуропалықтар алдарына
қойған мақсатқа жете алмағанымен, бұл оқиғалардың Еуропаны дүр сілкіндіргені және
біріктіргені соншалықты, мұны қазіргі заман тарихының бастауы деуімізге толығымен
болады. Бұл Азияның нағыз ортасынан көрсетілген қысымға жауап әрекет ету қажеттігі
себепкер болған Еуропаның ілгерілеуінің тағы бір мысалы еді.
Біз осылайша алатын Еуро-Азия ұғымы солтүстігінде мұзбен көмкерілген, өне бойын
өзендер тілгілеген және ауданы 21 миллион шаршы миль болатын, яғни орталық һәм
солтүстік аудандары 9 миллион шаршы мильге тең Солтүстік Америкадан үш есе, Еуропа
аумағынан екі еседен артық үлкен, созылып жатқан жерлерді қамтиды. Алайда онда
мұхитқа апаратын ыңғайлы су жолдары жоқ, дегенмен, екінші жағынан, субарктикалық
ормандарды қоспағанда, ол қандай да болсын көшпенділердің қозғалысына негізінен
жарамды. Бұл өңірден батысқа, оңтүстікке және шығысқа қарай жарты айға ұқсас, теңізде