Page 3 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ.макиндер. ТАРИХТЫҢ ГЕОГРАФИЯЛ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
фактыны ең болмағанда ішінара түсіну, ақыр соңында, мемлекет қайраткерлерінің
назарын аумақтық экспансиядан алдарқатып, оларды келісілген жасампаздық үшін
күреске шоғырлануға мәжбүр етер.
Міне сондықтан маған біз тұңғыш рет кең көлемдегі географиялық және тарихи
қорытулар арасындағы байланысты белгілі бір айқындықпен орнатуға тырысып
көретіндей жағдайда тұрған секілді көрінеміз. Алғаш рет біз әлемдік аренада болып
жатқан оқиғалардың кейбір өзара нақты пропорцияларының тамырын басып көріп дүние
жүзі тарихының географиялық себептерінің белгілі бір қырларын бір немесе басқа түрде
көрсететін формуланы анықтай аламыз. Егер жолымыз оңғарылса, онда аталмыш формула
практикалық құндылыққа ие болады да, оның көмегімен Қазіргі халықаралық саяси
өмірдегі кейбір бәсекелес күштердің даму перспективасын есептеп шығаруға болады.
Империя батысқа қарай тарайды деген белгілі тіркес тек осы тақылеттес эмпиристік
әрекет қана болып табылады. Сондықтан мен бүгін әлемнің, меніңше, адамның
қызметімен өте тығыз байланысты сипатты физикалық белгілерін баяндап, сондай-ақ
тарихтың олармен табиғи байланысты, тіпті әлі географияға белгісіз кезде байланысты
болған, кейбір негізгі фазаларын көрсетпекпін. Менің мақсатым тіпті де бір немесе басқа
фактордың ықпалын талқылау немесе аймақтық географиямен айналысу емес, адамзат
тарихын әлем организмі өмірінің бір бөлігі ретінде көрсету. Мен бұл арада ақиқаттың тек
бір қырына қол жеткізе алатынымды мойындаймын, және шектен тыс материализмге
ұрынуға тіпті де құлықты емеспін. Істі бастайтын табиғат емес, адам, бірақ бақылауды көп
дәрежеде жүзеге асыратын нақ табиғат. Менің мүддем баршаға ортақ тарихтың себептерін
зерттеу өрісінен гөрі, баршаға ортақ табиғат факторларын зерттеу саласына көбірек бейім.
Бұл арада тек ақиқатқа алғашқы жақындауға ғана үміттенуге болатыны айдан анық,
сондықтан мен өз сыншыларымның барлық ескертулерін мойынсұна қабылдаймын.
Марқұм профессор Фримен есепке алу керек бірден-бір тарих - жерортатеңіздік және
еуропалық нәсілдер тарихы деген болтын. Бір тұрғыдан бұл, әрине, дұрыс та, өйткені
гректер мен римдіктердің ұрпақтарын бүкіл әлемге үстемдік етуге алып келген идеялар
нақ сол нәсілдердің арасында дүниеге келген. Алайда басқа, соншалықты маңызды
тұрғыдан келгенде, мұндай шектеу ойды айтарлықтай ауыздықтайды. Қарапайым
пенделердің тобырына қарама-қарсылық ретінде ұлтты қалыптастыратын идеялар әдетте
ортақ қасіреттің қысымымен, не сыртқы күшке қарсы тұрудың ортақ қажеттігі тұсында
қабылданады. Англия идеясын Гептархия мемлекеттеріне дат және нормани жаулап
алушылары төпелеп енгізді, Франция идеясын Шалон түбіндегі шайқаста және кейінірек,
Англиямен жүргізілген Жүзжылдық соғыс кезінде, өзара қырқысқан франктарға, готтар
мен римдіктерге ғұндар таңды; христиандық идеясы Рим империясындағы қуғындардың
нәтижесінде туып, крест жорықтары дәуірінде өзінің логикалық шегіне жеткізілді. Құрама
Штаттар идеясы тәуелсіздік жолындағы ұзаққа созылған соғыс кезінде ғана жергілікті
патриот колонистердің қатысуымен қабылданды; Герман империясы идеясы Оңтүстік
Германияда оның Солтүстік Германиямен одақтасып Францияға қарсы жүргізген
күресінен кейін, онда да құлықсыздау қабылданды. Мен тарихтың әдеби тұжырымдамасы
ретінде баяндай алатын нәрсе, бәлкім, бастапқы қозғалыстарды амалсыз қаперге алмас, ал
ол қозғалыстардың қысымы ұлы идеялар түзілген ортада итермелеуші импульс рөлін
атқарған еді. Қандай да бір жиіркеніш туындататын кісі өз жауларын біріктіруде әлдене
маңызды қоғамдық қызмет атқарады, демек Еуропа өзінің өркенияттың тек сыртқы
варварлардың арқасында жасай алды. Міне сондықтан мен сіздерден Еуропаға және
еуропалық тарихқа Азияға және оның тарихына бағынышты құбылыс тарихы ретінде
қарауды өтінемін, өйткені еуропалық өркеният едәуір көп дәрежеде азиялық
шапқыншылықтарға қарсы ғасырлар бойғы күрестің нәтижесі болып табылады.