Page 11 - ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ. эльстайн. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
одақтастары мен өз дұшпандарының мәнісіне бойлауға ерекше мүмкіндіктері арта түседі"
(Арон, 1984. Р. 184).
Біздің теорияларымыздың шеңберіне дүниенің сия қоймайтындығынан қысылып, түңілуді
қоятын уақыт жетті. Бәлкім, гәп теориялардың өзінде шығар. Бәлкім, дүниені "қуып
жетуге" тырысу керек болар. Бәлкім, өз зерттеулерімізде "саясат" деп аталатын шексіз
күрес дүниесіне, біздің мұқият түзілген категорияларымызды, жүйелеріміз бен
болжамдарымызды ұдайы келемеж ететін, бірақ біздің түсінуімізді қатаң талап ететін
осынау ұлы да кейде сұмдық дүниеге ену керек болар. Түсіну дегенде мен жай ғана
белгілі бір оқиғаларды көрсетуден немесе оларға реакциядан - әрине, бұл да маңызды
екендігі күмәнсіз болғанымен - жоғары тұрған нәрсені меңзеймін. Мен, біздің төл өмір
салтымызға, тарихи тәжірибемізге мүлдем сәйкес келмейтін, бұл орайда әдетте біз
істейтіндей, түсінікті кереғарлықтан және тіпті пікірлерден қашқақтамай, дәйекті баға
бере алатын теория жасау әрекетін меңзеймін. Теоретик үшін бұл өте қиын болса да,
"теория соғу тілегінен" аулақ тұру керек. Ол "ненің бар" екенін және бар нәрседе ненің
мүмкін болатынын жүрегімен түсінуі тиіс. Бұл абстрактылы тұжырымдамалардан бас
тарту емес - оларсыз теория жасалмайды, бірақ бұл "абстрактыланған" категориялар (мен
оларды солай атағым келеді) жасаудан сақтандыру. Олар түсіндіруге тиісті-міс дейтін
нәрселерден бізге зат бөлшектерінде, олардың көпқырлы күрделілігінде және көбіне
түсіндіріле алмайтынында болатын өмір шындығы жетіспейтіндігінен алшақтығы
соншалық категориялар жасаудан сақтандыру.
МАЗМҰНЫ
ӘУ БАСТА 2
ТЕОРИЯ МІНДЕТТЕРІН ҚИЫНДАТУ 3
ЭТИКА МЕН ҰЛТШЫЛДЫҚТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 5
ТАРИХТЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫЖӘНЕ ТӘПСІРЛЕУ ҚАЖЕТТІГІ 7
ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДЕПТІЛІКТІ ҚОРҒАУ 7
ТЕОРИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫЛА АЛМАЙТЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ ОҒАН ҚАЖЕТТІК 9