Қазақстанның ашық кітапханасы
ӘЛЕМДІК САЯСАТТАНУ АНТОЛОГИЯСЫ
Морис ДЮВЕРЖЕ
САЯСИ ИНСТИТУТТАР ЖӘНЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
(1917 жылы туған) - француз әлеуметтанушысы, саясаттанушы, заңгер. 1940 жылы Бордо
университетінде докторлық диссертация қорғаған. Сонда 1948-1955 жылдары өзi құрған
саяси зерттеулер орталығын басқарды; 1955 жылдан Сорбонна профессоры, сондай-ақ,
Тель-Авив, Женева, Нью-Йорк университеттерінде сабақ бердi. "Саяси партиялар" (1951)
атты кітабы жарияланғаннан кейін жаппай танылды. Бұл кiтапта партиялардың ұйымдық-
құрылымдық, нeгіздepi, олардың институцияланған ортақтастық, pетіндeгi қалыптасуы
мен даму ерекшеліктерi қарастырылды; партиялық, парламенттiк және сайлау жүйелерінің
өзара байланысы туралы мәселе тұңғыш рет қойылды. Дюверже еңбектерінде саяси
режимдepдi талдау басты орын алады. Ғалым саясат жөніндегі төл теориясын дамыта
отырып ("Саясат әлеуметтануы: саясат ғылымының элементтеpi" (1973), "Янус. Батыстың
екі әлпеті" (1972), "Корольға шах" (1978) және т.б.), өкілдікті демократия
артықшылықтары тиiмдi басқарумен ұштасатын саяси жүйе құруды жақтайды.
"Институт" терминінің де, "саяси" терминінің де мүлдем дәл мағынасы жоқ: саяси
институттар ұғымына анықтама берудегі қиындық та нақ осында. Әуелі "саяси
институттардың" нақты, объективті және ғылыми ұғымын бөлiп алуға тырысып көрейік
те, содан кейін осы тipкecтi "конституциялық құқық" терминінiң орнына және онымен
қатар қолдану қандай артықшылықтар беретінін көрсетейік.
[...] Басында, Литре сөздігінде көрсетілетініндей, "институттар" деген сөз "табиғат
бергеннен өзге, адамдар ойлап тауып, орнатылған нәpceнiң бәpi" дегенді білдірген:
мысалы, жыныстық қатынас табиғи феномен, ал неке институт ретінде тipiшілiк етеді.
Дюркгейм
1
мен оның ізбасарлары үшін, кеpiciншe, институттар идеялар, наным-сенімдер,
салттар, әлеуметтік тәжірибе болып табылады, бұларды индивид әзіp күйінде алады; бұл -
"индивидтер алдынан көлденеңдейтін және оларға әйтеуір бір дәрежеде таңылған
қарекеттердің немесе идеялардың толық институцияландырылған жиынтығы", осылайша,
институттар тіпті де табиғатқа қарсы қойылмайды, олар - әлеуметтік универсумның
табиғи фактысы. Дегенмен Дюркгеймнің анықтамасы тым жалпылама. "Институт"
термині идеялардың, наным-сенімдердің, салттардың ретке келтірілген және
ұйымдастырылған бүтіндi құрайтын (мысалы, неке, отбасы, сайлау, үкімет, меншік және
т.б.) жиынтығын нобайлау үшін сақтауға болар еді деген ой келеді. Уақытша осы ұғымды
қанағат ете тұрайық. [...]
"Саяси" ұғымына келсек, бұл арада анықтық мәз емес: мәнici жағынан ол әртүрлі екі
феноменге жатады.
A). Бipeyлep, сөздің этимологиясына сүйеніп, мемлекет институттарын (грекше "полис" -
қала - мемлекет, біз бүгінде мемлекет деп атайтын нәрсеге азды-көптi сәйкес келетін сөз
бойынша) саяси институттар, яғни бүгінгі сәтке бәрінен жақсы ұйымдастырылып,
жетілдірілген әлдене адами ортақтық институттары деп атайды. [...]
1
Дюркгейм Эмиль (1858-1917) – аса ірі француз философы және әлеуметтанушысы.