59
Жердің басқа аспан денелерімен байланысқа шығып тұра-
тынын ғалымдар да жоққа шығармайды. Мəселен,
«Ай мен
Жердің тектоникалық процестері арасында аса тығыз
байланыстың бар екені соншалық, тіпті Ай өз алдына
бөлек аспан денесі емес, Жер материктерінің бірі сияқ-
ты»,
– деп жазады Айдың «мінез-құлқын» бақылаушы,
зерттеуші профессор Н.М.Козырев. Ал, Күн бетіндегі дақтар
санының күрт көбейе түскен сəттерінде Жер қойнауында бо-
латын тектоникалық процестердің күшейе түсетіндігін ар-
найы зерттеген американ ғалымы Д.Симпсон:
«Егер Күн
дақтарының саны 150-ге жететін болса, онда жер сілкіну-
дің пайда болу мүмкіндігі Күн дағының саны 50 болған-
дағыдан шамаман 31 пайыз»,
– деп сендіреді.
Зерттеуші ғалымдар Айдың əмірі тек Жерге ғана емес,
сондай-ақ осы планетаны мекендеген тіршілік иелеріне, əсіре-
се адамдардың өздеріне де жүретіндігін дəлелдейді. Мысалы,
француз зерттеушілері А.Либер мен К.Шерин мұхит толқында-
рының жағаға келіп кетуіне Айдың жерге гравитациялық əсер
етуі себепкер болатындығын айтқан. Яғни, бұлАйЖербетіндегі
суға үлкен əсерін тигізеді деген қорытындыға тірейтін сияқты.
Адам организмінде де судың басым екендігі белгілі (мидың
өзіндегі су 85 пайыздай). Мұхит суына əсер еткені секілді
Ай адам бойындағы суға да біршама өзгерістер əкеледі екен.
Денсаулығымыздағы, мінез-құлқымыздағы ерекшеліктердің
осындай əсер кезінде жиі байқалып қалып отыратындығы да
құпия болмай тұр. Өзінің «Табиғат тарихы» атты еңбегінде:
«Айдың құдіретті күшін өсімдіктер де, жануарлар да, адам
да күнбе-күн сезіп отырады»,
– деп жазған екен Үлкен Пли-
ний.
Əңгімеміз ауа-райын алдын-ала анықтап айтып беріп оты-
ратын, алдағы уақыттарда болатын жер сілкіністерін бол-
жай білетін, тіпті, адамдар бойындағы əлгіндей өзгешеліктер
мен олардың түрлі толқуларын мезгілінен бұрын хабарлауға
асығатынНазарбек туралыболғандықтан, ал оның бар құпиясы,
негізінен Күн мен Ай байланысты болған соң, зерттеуші ға-
лымдарымыз ертеректе-ақ айтып кеткен, көбімізге белгілі жо-