288
тібі қызықтау көрінді. Мысалы, жер мəселесі мен тұр-
ғын үй кезегі толғандырған кісілердің бəрін сол саланың
басшыларына қарай жібереді. Газ бен жарық, су мəселелері
де осылай. Жол саласының да өз жауапты адамдары бар –
бəрін солар шешеді. Сонда аудан əкімінің қабылдауына
қандай мəселемен кіру керек?
– Аудан əкімінің азаматтарды жеке басының мəселелерімен
қабылдауы ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 4-қыркүйектегі «ҚР
Орталық жəне жергілікті басқару органдарындағы азамат-
тарды қабылдауды ұйымдастыру туралы» №974 Қаулысын
басшылыққа ала отырып, əр айдың 1 жəне 3-дүйсенбілерін-
де өткізіледі.
Қабылдауға тіркелген азаматтардың өтініштерінің басым
көпшілігі мемлекеттік тұрғын үй қорынан пəтер алу кезе-
гіне тұру, тұрғын үй жағдайын жақсарту, су, жылу, газбен
қамтамасыз ететін көнерген инженерлік жүйелерді ауыстыру
немесе орналастыру, пəтер иелері кооперативінің қызметіне
көңіл толмаушылық жəне аумақтық көріктендіру жөніндегі
мəселелерді құрайды. Барлық көтерілген сұрақтар мазмұнына
қарай қалалық департаменттер мен аудандық қызметтердің
қарауымен аудан əкімімен бірге талқыланып, шешіледі.
Алматы қаласы Əкімінің 2004 жылғы 24 сəуірдегі №2/364
Қаулысымен құрылыс жоспары бекітілген «Жас қанат», «Ба-
қай» ықшамаудандары тұрғындарының су құбырын, электр
жарығын жүргізу жəне жол салу жұмыстары біздің қолғабысы-
мызбен жасалуда. Аудандағы Палладин көшесіндегі заңсыз
орналасқан үйлерді заңдастыру
мəселесі «Мүлікті заңдасты-
ру» комиссиясында қаралып, оларға рұқсат берілмеген бола-
тын. Бұл мəселе, тұрғындардың шағымдануы көбейіп кеткен
соң, қайта қаралып жатыр.
– Аудан ішіндегі тұрақтылықтың сақталуы мен халық-
тың алаңсыз өмір сүруіне сіз тікелей жауап бересіз. Ал
мұндай қалыпты өмірдің бар уақытта салтанат құрып
тұруы үшін не қажет деп ойлайсыз?
Сонау егемендігімізге қол жеткізген алғашқы жылдары
—
əлемде қуаттылығына қарай 4 орында тұрған ядролық қарудан