Page 281 - Әнуарбек Әуелбек. Болашығына қол созған Қазақстан

Basic HTML Version

281
рі өзі бола салғандай болып тұрады. Əйтпесе, ғасырлар бойы
нақты шешімін таба қоймаған еліміздің бір ғана шекара мəсе-
лесінің үлкен сəттілікпен біздің пайдамызға шешілуінің өзі
қаншама жүйкесін тоздырып барып бітетін іс еді. Қытаймен
екіарадағы 1783 шақырымдық, ал Ресеймен екіарадағы əлемде-
гі ең ұзақ шекара болып саналатын 7591 шақырымдық шека-
ра сызығын нақтылап белгілеп алудың мемлекетіміздің бола-
шағы үшін қаншалықты қажет дүние екендіні айтып жатудың
өзі артық. Бұл бір біткен іс болды дегендей, өз аумағын заңды
түрде белгілеп, оны əлем бойынша мойындаттырып алу ең не-
гізгі мəселе болатын. Бұдан Қазақстан сүрінбей өтті, енді қарап
отырсаң, ол да өзі біте салғандай болып тұр.
«Біз Қазақстанды Орталық Азияның көшбасшысына,
халықаралық құрметті əріптеске, халықаралық лаңкес-
тікке, есірткінің жайылуы мен ядролық қарудың таралуы-
на қарсы белсене күресетін мемлекетке айналдырдық»
деп, биылғы Жолдауында Елбасымыз еліміздің бүгінгі шы-
найы бейнесін сыпайылап қана көрсетіп өтеді. Мұның бəрі
рас нəрселер еді, бүгінде Қазақстан осы Жолдауда айтылып
өткендей, демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басып
отыр.
«Басқа елдердің тəжірибесі көрсетіп отырғандай, де-
мократия дегеніміз қоғамның барлық топтары үйренуге
тиіс барынша ұзақ процесс. Көптеген елдердің ғасырлар
бойықалыптасқанлибералдықдəстүрлері бар, алайда, олар
шырқау биігіне əлі де жете қойған жоқ. Біз бəрін жоқтан
бастаған едік қой жəне демократияның өзі – адамның ой-
санасы мен мінез-құлық мəдениеті екенін ұмытпағанымыз
жөн»
деген сөзінің растығын біздер өз өмірімізден нақты кө-
ріп те келе жатырмыз. Қат-қабат бастан асатын басқа да мəсе-
лелер толып жатқанда, солардың бəрін рет-ретімен ойдағыдай
жүзеге асырып, рухани өмірімізді де назардан тыс қалдырмауы
оның жан-жақтылығын көрсетсе керек.
Биылғы жылдың тағы бір үлкен оқиғасы ретінде елімізде
«Көшпенділер» фильмінің түсіріліп, жұртшылыққа көрсетіле
бастауын айтқан болар едік. Қазақстан Республикасы Пре-
зидентінің өзі ұйытқы болып, оған қомақты қаржы бөліп,